Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Айрықша оқиғалар

Автор: admin от 15-11-2018, 10:28, посмотрело: 968

1 Мектебім- алтын ұя жарқыраған ,
Ұстазың-бұлақ сөзң сарқыраған.
Шындалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта ,жас қыраным , ақ жол саған.
демекші оыс мектебімнен білім нәрімен сусындатып 1894 жылғы 1896 жылғы бітірген түлектері өздерінің алтын ұя мектебінде білім алып жатқан ұрпаққа арнап спорт алаңдарын салып берді.Мұның өзі мектеп ұстаздарының шәкірт тәрбиелеудегітабысты жемісі, жетістігі деп білемін. Осындай білікті де білімді,тәрбиелі, ойы ұшқыр қырағы, талантты да дарынды шәкірттер тәрбиелеуден жалықпайық ұстаздар.

Айрықша оқиғалар
Айрықша оқиғалар
Айрықша оқиғалар
Айрықша оқиғалар
Айрықша оқиғалар

Категория: Мектеп тарихы

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 12-05-2016, 01:52, посмотрело: 1335

5

Мектеп тарихы

 

 


Мақтарал өңірі Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне өз үлесіне қосқан аудандардың бірі.
Интернационалдық тәрбие - басқа ұлттарды шетке қақпау, қазаққа тән бауырмалдық, мұның бәрі тағдырдың тәлкегіне ұшыраған халықтардың қазақ даласына қарай ағылуы басты факторлардың бірі болғаны анық және тарихқа шындық.
Әр түрлі себептермен көшіп келген бірнеше ұлт өкілдері қазіргі Абай ауыл округінде /бұрынғы с. Плодовиноградное/ тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ұлт ерекшеліктеріне байланысты аралас мектептер болды. Абай ауыл округінде қазіргі таңда 3 білім ордасы бар.
Мектеп - білім ордасы
Өнер – білім, халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жеткісіз байлығы. Халықтың рухани – мәдени дәрежесін көтеру, ол үшін сауаттылықты және жас ұрпақты жаңа заман адамдарын жан-жақты білімді етіп, тәрбиелеу мақсатында құрылып, қаншама жылдар бойы жемісті жұмыс істеп келе жатқан осы өңірдегі байырғы мектептердің бірі, білім берудің қара шаңырағы №25 Г.С.Титов атындағы жалпы орта мектебі.
Жалпы, мектеп 1960 жылы 4 сыныптық бастауыш білім ордасы ретінде жұмысын бастаса, 1962 жылы 8 жылдық Г.Титов орта мектебі , 1972 жылдан №25 Г.Титов атындағы 10 сыныптық орта мектеп болып, 1990жылдан бері 11 сыныптық орта мектеп болып аталып келеді. 2008 жылдан бастап №25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі болып аталып келеді. /Архив. 1962-2012ж. бұйрық кітаптар/
Қазір мектебіміз белгілі ұшқыш Герман Степанович Титов есімімен аталады. . Мектепте 1000-нан аса оқушы білім алуда. 90-ға жуық мұғалімдер еңбек етуде. Жетістіктер аз емес. Мұғалімнің, оқушының білім деңгейін таразылап беретін, әрине, ол ҰБТ мен МАБ болып табылады. Аудан деңгейі бойынша жоғары орындарды көрсетті.
Жалпы ҰБТ енгізілген 2002 оқу жылынан бері мектептен 100-ден астам оқушы мемлекет грант иегерлері болып, Қазақстанның әр қалаларында оқып, білім алды және білім алуда.
Мектеп шежіресі:
- 1962-1963жж. Есентаев М.
- 1963-1968жж. Искаков О.
- 1968-1969жж. Мусаев А.
- 1969-1973жж. Имантаев П.
- 1973.01-03 жж. Акенов А.
- 1973-1995жж. Бопинаев А.
- 1995-1998жж.Ешниязов А.
- 1998.05-1998-10жж. Нураева А.
- 1998-2005жж. Ешниязов А.
- 2005-2007жж.Имантаев Бауыржан
- 2007ж. Спарханов М.
Есентаев Мырзатай – 1933 жылы 15 ақпанда, Мақтарал ауданы Қызылқұм ауылында дүниеге келген. 1950 жылы сол ауылда білім алып, ойдағыдай бітіріп шықты.
1951 жылы Ташкент педагогикалық институтқа түсіп, география-тарих мамандығын қызыл дипломмен тәмамдады.
1962-1963 жылдары Мақтарал ауданы Жеміс-жидек совхозындағы я\Титов атындағы 8 жылдық мектебінде мектеп директоры қызметін атқарған.
1963 жылы Сырдария обкомының кәсіподақ төрағасы қызметін атқарды.
1971-1973 жылдар аралығында Мақталы совхозы аудандық комитетінің бас бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істеді.
1979 жылдары Прогресс совхозында партия бөлімінің нұсқаушысы болды.
1983-1989 жылдар аралығында ДРСУ бастығы қызметін атқарды.
1989-1993 жылдар аралығында Киров ауданы «Қайнар» мектебінде география, тарих сабақтарынан дәріс берді.
1993 жылы Победа мектебінде кешкі мектеп директоры болды.
«Халық Ағарту ісінің үздігі», «Еңбек Ері» медальдарымен марапатталған.
Бірнеше рет облыстық, аудандық «Алғыс хаттармен» марапатталды. Аудандық депутат болған. Аудандық, қалалық партия комитеттері ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 
Искаков Оразбай – №25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінде 1963-1968 жылы мектеп директоры қызметін атқарған.Ұлы Отан соғыс ардагері, Еңбек Ері. Білікті ұйымдастырушы. Ауыл зиялыларын тәрбиелеп шығарған ардагер ұстаз.
Мусаев Әбдіхан - 1938 жылы Түркістан ауданы Балтакөл ауыл әкімшілігі Көлқұды ауылында дүниеге келген. 1945 жылы Киров ауданы Когонович колхозында, қазіргі «Большевик» совхозы №3 бөлімшесінде Чкалов 7 жылдық орталау мектебінде оқыған. 1955 жылы Киров ауданы Октябрьдің 30 жылдығы совхозында Жамбыл орта мектебін бітірген. 1955 жылы Чкалов ортамектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1957-1960 жылдар аралығында Калининград «Кенгисеб», «Кенгисбург» қалаларында Отандық борышын өтеуге келді. 1960 жылы Киров ауданы «Большевик» совхозында Комсомол комитетінің секретары, 1965 жылы Киров ауданы партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.
1968-1969 жылдар аралығында Титов атындағы 9 жылдық мектебінде директор қызметін атқарды. 1968жылы Мақталы совхозы орталығында Чехов орта мектебінде директор қызметін атқарған. 1973-2001 жылы аралығында Киров ауданы Прогресс /қазіргі Қ.Сәтбаев/ директоры қызметін атқарды. 2001 жылдан бері зейнеткерлікке шықты. Қазіргі кезде 6 бала, 3 қызды тәрбиелеп, 15 немере, 2 шөбере сүйіп отырған ата.
«Халық Ағарту Ісінің Үздігі», «Лениннің 100жылдығы» медалімен, «Ұлы Отан соғысы жеңісіне 60 жыл» медалімен марапатталған. 
Имантаев Пердебай - 1918 жылы 14 ақпанда байырғы егіншінің отбасында дүниеге келген. «Мақтарал» өңірінің төл тумасы.1939 жылы 10 жылдық мектепті бітіріп, аздаған уақыт мектепте оқытушы болып жұмыс істеп, сол жылы қараша айында Кеңес әскеріне шақырылды. Кеңес әскері қатарында 8 жылдай уақыт қызмет етіп, 1947 жылы сәуірде аға лейтенант шенінде запасқа шыққан. Әскери қызметте взвод, рота командирі болған. Басқа да жауапты жұмыстар атқарған. Оның қызметі 1939 жылдың соңына таман Кеңестік Қиыр Шығыста басталған еді. Қиыр Шығыстағы Әскери құрамалардың біріндегі жаяу әскерлер полкында кіші командирлер даярлайтын курсты оқыды. 1942 жылы Хабаровскідегі жаяу әскерлер училищесін бітіріп, лейтенант әскери атағын алып шыққан. Одан кейінгі өмір жалғасы ұрыс даласында өтті. Ол кісі Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, «Екінші дәрежелі» Ұлы Отан соғысы орденімен және Сталинградты қорғағаны үшін медальдарымен марапатталды. Батыс Еуропадағы соғысқа қатысып, «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды. Жаудың оғынан екі рет жараланса да соғыстың соңғы күндеріне дейін қан майданда болды. Кеңестік Әскерлер қатарындағы қызметі ұзақ жылдарға созылған оған 1947 жылдың көктемінде ғана запасқа шығарылып, бейбіт еңбекке оралуына мүмкіндік берді. Одан кейінгі еңбек жолын Халық ағарту саласына бет бұрды.
1947 жылы Пахтарал ауданының аудандық газетінде жұмыс атқарды. 1948 жылы Киров бөлімшесінің білім бөлімінде, 1952 жылы Ильич ауданына қарасты Абдалиев атындағы орта мектепте директор қызметін атқарды. 1952 жылы Ташкент облысы Сырдария ауданында №1 мектепте әскери сабақтан дәріс беруші болып жұмыс істеді.
1953 жылы Ташкент облысы Сырдария ауданына қарасты №4 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған.
1955 жылы Шымкенттегі мұғалімдер институтына сырттай түсіп, Киров ауданының жеміс-жидексовхозындағы №8 мектепке оқу ісі меңгерушісі болып, 1958 жылы партия қатарына алынған. 1960 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық мнститутын үздік оқып, қызыл дипломмен бітіріп шыққан.
1962 жылы №8 мектеп директоры қызметін атқарған. Бірнеше жылдар бастауыш партия ұйымының хатшысы міндетін атқарған. Өте білімді, сауатты кісі болған. Пушкиннің, Абайдың, Жамбылдың өлеңдерін орыс, қазақ тілдерінде оқығанда майдандағы достары таң қалған.
1960 жылы Қазақ ССР Оқу министрі Ә.Шәріповтың қолы қойылған «Халық Ағарту ісінің озық қызметкері»атағымен марапатталған.
1968 жылы Абай әкімшілігіндегі 8 жылдық Титов мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып , 1969-1973 жылдар аралығында мектеп директорлығы қызметін атқарған.
А. Акенов – математика пәні мұғалімі. 01-03.1973 жылы осы мектепте мектеп директоры қызметін атқарды.Бірнеше жыл мектептегі кешкі оқу бөлімінде директор қызметін атқарған. 
Халқымыздың ұлттық салт- дәстүрін қадірлейтін, алға жетелейтін әртүрлі жұмыстарға араласып, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде ұстаз өзінің білімімен біліктілігін дамытуға өз үлесін қосқан ұлағатты ұстаз. 
Бопинаев Әбдіхалық Ізбайұлы - 1935 жылы қаңтар айының 25 жұлдызы күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының «Жаңажол» колхозында колхозшы жанұясында дүниге келген. Орта мектепті бітіріп, аталған ауданның «Карл Маркс» колхозында бригада есепшісі болып 1958 жылға дейін жұмыс атқарған.
1958 жылы осы ауданға қарасты «Ленин» бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарды.
1964 жылы Ташкент қаласындағы «Низами» атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі бөліміне сырттай түсіп, 1967 жылы бітіріп шықты.
1964 жылы сол ауданның С.Ерубаев атындағы сегізжылдық мектебіне ауыстырылып, сонда қазақ тілі пәні мұғалімі болып істеп жүріп, 1966 жылы осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып ауыстырылды.
1969 жылы ХХ-партсъезд совхозында Ленин орта мектебіне оқу ісі меңгерушісі болды. 1971 жылы қыркүйек айында «ХХ партсъезд» сегізжылдық мектебіне директор болып тағайындалды.
1973 жылы наурыз айынан бастап «Жеміс-жидек» совхозындағы № 25 Г.Титов атындағы орта мектебіне директор болып ауыстырылды. Оқу, тәрбие саласындағы жемісті еңбегі бағаланып, 1983 жылы №51003 куәлігімен «Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен наградталды. 3 дүркін жергілікті советтің депутаты болып сайланды. 1 дүркін аудандық советтің депутаты болып сайланды.
1986 жылы 21 шілдеде көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек Ері» медалімен наградталды.
1995 жылдан зейнеткер, «Абай» ауыл әкәмшілігінің төбе биі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жыл мерекелік медалімен наградталды. Тыл ардагері аталды.
«Абай» ауыл әкімшілігінің төбе биі бола отырып, елді мекендегі Халықтар ынтымағы мен достығын нығайтуда жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп отырды. Әкімшілік тұрғындары әртүрлі ұлттардан тұрады, келеңсіз жағдайларда Әбдіхалық ағай тәжік, өзбек ақсақалдарымен жиналып, жастар жағын тыныштандырып, татуластырып, достастырып отырады.
Жанұясында 11 бала (6 қыз, 5 ұл) өсіріп, барлығын оқытып, қызын қияға, ұлын ұяға қондырған ата-ана. Отбасы мұғалімдер жанұясы атанды. 5 келіні, 2 ұлы осы мектепте балаларға білім беріп, ұстаздық қызмет атқарады. Қазіргі таңда 48 немере, 8 шөберенің атасы.
2011 жылы аудан әкімі С.Тұрбековтен «Алғыс хат» қағазымен марапатталды. Бұл кісіден ең бірінші мектеп директоры кім болған деген сұраққа ол Искаков деп жауап берді.
Ешниязов Алмас- 1946 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туылған. /1946-2013ж.сәуір/
1970 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп шықты. Өзінің еңбек жолын туған жерінде мектепте мұғалім болудан бастап, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтерілді.Аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданына қоныс аударуына байланысты Ленин мектебінде ағылшын пәнінен мұғалім болып орналасты. 1985 жылдан бастап Титов атындағы орта мектепке директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып қабылданды. 1992 жылы Ленин орта мектебінің директоры болды. 1995-2005 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған. 2005-2006 оқу жылыныңқорытындысы бойынша «Генерал Е.С.Мерзадинов атындағы сыйақы» иегері. Бірнеше рет аудандық, әкімшілік Алғыс хаттармен марапатталған. 2009 жылдан бері зейнеткерлікке шыққан. Нураева Алима – 1950 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. 1967 жылы Ташкент қаласындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогикалық институтына түсіп,1971 жылы математика мамандығын алып шықты. Өзінің еңбек жолын туған ауылы «ХХ партсъезд» совхозындағы «ХХ партсъезд» 8 жылдық мектепке мұғалім болудан бастады. 1977 жылдан бастап осы аталған Титов атындағы мектепке жұмысқа орналасты. Осында бірнеше жыл қажырлы еңбек етіп, мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.
Имантаев Бауыржан Пердебайұлы -1965 жылы 23 ақпанда Киров ауданына қарасты жеміс-жидек совхозында дүниеге келген. 1989 жылы Гулистон құрылыс техникумына бітіріп, өзінің еңбек жолын ПМК-303 құрылысында бастады. Арасында Отанға деген әскери борышын өтеп келген соң, құрылыстағы жұмысын одан әрі қарай жалғастырды. Құрылыста жемісті еңбек еткені үшін бірнеше рет марапатталып, прораб қызметіне дейін көтерілді. Жоғары білімді, «Еңбек» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, мұғалім мамандығын алып шықты. 1995 жылы ХХ партсъездегі 1 Мамыр мектебіне мұғалім болып орналасты. 2005 жылы №25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебіне директор болып келді. Аз ғана уақыттың ішінде мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып, айналаны көгалдандыруға белсене қатысып, білікті ұйымдастырушы ретінде көріне білді.
2007 жылдан бері Есенбеков мектебінде мектеп директорының инновация жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.Жемісті, қажырлы еңбегі үшін алған бірнеше «Алғыс хаттары», Облыстық, аудандық жарыстарда қолөнерден алған жетістіктері аз емес.
Спарханов Мұхамеджан Сапарқұлұлы- 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы ХХ партсъезд совхозында дүниеге келді. Әкесі Спарханов Сапарқұл өте сауатты, білімді, ұлағатты ұстаз. Анасы өте мейірімді, қонақжай. Ауыл арасында, туысқандар арасында абыройлы. Үлгі боларлықтай беделді отбасы. Спарханов Мұхамеджан Сапарқұлұлы 1990 жылы Арқалық педагогикалық институтына түсіп, 1995 жылы математика-информатика мамандығын алып шықты.
Өзінің еңбек жолын 1995 жылы Торғай облысы Арқалық ауданында «Ангар» орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып бастады. 
1996 жылдан бастап Титов орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып орналасты. Талапшыл, ізденімпаз жас мұғалім бірден еңбегімен көзге түсіп, бір жылдан кейін-ақ, 1997 жылы оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілді.
2007 жылдан бері мектеп ұжымын басқарып келеді. Білікті ұйымдастырушы. Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қаржылай немесе заттай көмек берілуіне көп көніл бөлуде. Осы кісінің қадағалауымен мектебіміздің жан-жағы мұнтаздай тап-таза, айналадағы гүлдер мен жасыл шыршалар мектебімізге сән береді. Жетістіктер де аз емес. «Өзін-өзі пәні» бойынша және «Рәміздер» бойынша тірек мектеп атанды.. Физика, мультимедия,биология, өзін-өзі тану кабинеттерінің уақыт талабына сай жабдықталуы да оқушылардың білім деңгейінің өсуіне ықпал етуде.
2011 жылы мектеп жанынан шағын орталық ашылды. Бүлдіршіндерге арнап 4 бөлмелі бала-бақшаға ең әуелі өзі бірінші демеушілік жасап, ішін балаларға арнап жабдықтар мен ойыншықтарға толтырды. Қазір 4 тәрбиеші, екі кіші тәрбиеші жұмыс атқаруда. Жұмыс істейтін ата-аналар мен ұстаздардың балалары бала-бақшаға барып, қазір алаңдамай жұмыстарына барады. Айтар алғыстары шексіз.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» дегендей Мұхамеджан ағайдың атқарып жатқан жұмысы қыруар. Оның бір дәлелі жаңа ғимарат. Осы жаңа ғимараттың салынуына көп еңбегі сіңді. Міне, қанша уақыттан бері жүгірген еңбегі еш кетпеді, жаңа ғимаратымыз да бой көтеріп, мектеп игілігіне жақында берілмек.
Спарханов Мұхамеджан Сапарқұлұлы қажырлы еңбегі үшін Аудандық Білім бөлімінен бірнеше рет «Алғыс хат», аудан әкімшілігінен бірнеше рет «Алғыс хат», Оңтүстік Қазақстан Білім басқармасының жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбие беру саласында көрсеткен жемісті еңбегі мен озық тәжірибесі үшін «Мадақтама», жемісті еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясынан «Құрметті грамоталарымен» марапатталды.
Ұстаздық және басшылық еңбегімен қатар спортты да тыс қалдырған емес. Бірнеше рет спорттық ойындар «Волейбол», «Баскетбол» ойыны жарыстарына қатысып, үздік ойын көрсеткені үшін мадақтамамен марапатталды

 




Изменил: admin

Категория: Мектеп, Мектеп тарихы