» » «Қамқорлық « акциясы қорытындысының кеші

 
 
 

«Қамқорлық « акциясы қорытындысының кеші

Автор: admin от 15-11-2016, 01:39, посмотрело: 1137

2

«Қамқорлық « акциясы қорытындысының кеші    

   «Қайырымдылық –адамгершілік  белгісі» мерекелік кеш

    Жүргізуші : Армысыздар құрметті қонақтар , ардақты ата-аналар,ұлағатты ұстаздар ,оқушылар. Бүгінгі «Қайырымдылық –адамгершілік  белгісі» атты мерекелік кешімізге қош кепсіздер!  Мен өзімнің сөзімді ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде бастағалы тұрмын .

«Қайырымдылық –адамгершілік  белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі  мақсаты қамқорсызға қамқор болу ,тағдырдың жазғанымен жаралы болғандарға жәрдем беру ,жас ұрпақтың бойына  адамгершілік ,ізгілік қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту.

Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын     

Бекер айттым екен деп қайта алмаймын

Өйткені біреулерге бақыт қонса ,

Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым .

Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын

Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын ,

Ойсыздарға ой салған оқпан болып ,

Асып-тасқан жерінде ән салатын .

Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген,

Анаңның жүрегі емес елжіреген,

Еркелетіп бойына үйретіп ап,

Кеудеңе кептеп қояр желді үрлеген.

Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,

Түсірмейді қолынан асық етіп ,

Бұл өмірге  апырау дауа барма?

Кейде нұқып тастайды жасық етіп.

Қызығы да өмірдің осы болар ,

Сан қилы мінезімен тосып алар

Бірде сипап маңдайдан ,бірде соғып,

Бауырындай құшақтап қысып алар.

 

     Қазақтың жақсы қасиеттерінің  асылы –жомарттық , кең пейілділік .Ол  адамға қызмет  қылып ,жақсылық жасау ,пейілді жанға тән қасиет .Жомарт болу –өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу .Осыған орай 2016  оқу жылының 10 қаңтарынан 10 ақпанға дейінгі аралығында  аудан аралығындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізді . Айлық барысында біздің мектептің де оқушылардың толық тізімі жасалып ,ақылы ,есі шектеулі және көп балалы аз қамтылған отбасынан ,жартылай  жетім  мен  сәтсіз  толық  емес отбасынан шыққан   білім  алушылар анықталды .

    Аталған шара аясында мектебімізде тұрмысы төмен  отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» акциясы  ұйымдастырылып, демеуші болған ұстаздарымыз және демеушілеріміз өз үлестерін қосып ,нәтижесінде                        көлемінде  қыстық киімдер  мен оқу құралдарымен  көмек  көрсетілді .

    Мектепте  әлеуметтік  жағынан аз қамтылған 30 оқушы  тегін  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін   200  тенге құрайды.  

     Асханадан  берілетін  ыстық тамақтың сапалығын ,гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы кмиссия құрылып ,қадағаланды .Тегін ыстық тамақ беріліп отырған  балалардың  әртүрлі  тағдыры  бар .Олар  мектептің   ұжымы  мен  ата-аналар  комитетінің  жан –жақты  тексеруінен  кейін  осы мүмкіндікке жетіп отырса, «Ризашылық » акциясында  жәрмеңке  ұйымдастыру  кезінде  7 –8-сыныптар  өз  еріктерімен  қаржылай  көмек   қолын  созды.Соның  ішінде                  7 «А»сынып  оқушылары  ерекше  еңбектерімен  көзге  көрініп  көмек  қолын созғандықтарын  айтпай  кетпеуге  болмас .Сол  себепті  мақтау  қағаздарымен марапаттауға  рұқсат  етіңіздер.

      Мараппаттау  үшін  мектебіміздің  директоры  М.Спархановқа  сөз  беремін

(Алғыс хат тапсыру рәсімі)

Директордың  тәрбие  ісі  меңгерушісі  Б.Қазыхановаға  сөз  кезегін  береміз!

 Жүргізуші: Спарханова Сағида

Жансаң көзі қарақты

Қиналғанды аңғарар

Өзіңнен сөз тарапты

Жақсылыққа жалғанар

Дәнекер боп жүргенің

Азаматтық ерлігің

Жөн жосықты білгенің

Еңсесі биік елждігім

Байлық қуат алапат

Қағып түсер қарғысың

Демеушілік шарапат

 Алар елдің алғысын,- демекші  бүгінгі  кешіміздің  қонақтары , яғни  өз қаражаттарымен  көмек  қолын  созған  ата-аналарға ,ұстаздарға  сөз  кезегін  береміз.Мектебіміздің география пәні мұғалімі: Р.Сейдазимова   ханымға  және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Қазыханова   ханымға,       биология пәні мұғалімі : Ә.Жиеналиева ханымға  , Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі :Е. Шондыбаев  мырзаға сөз кезегін береміз .

Жүргізуші:

Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөлімімізді  биші қыздарымыздың биімен ашалық.

 

 

Майысып бұраңдаға қыр гүлдері

Алаулап жайнаған көздері      

Буын  жоқ ,бұратылған шыбық дерсің ,

Алдарыңызда мектебіміздің  бишілері

Би: «Алдаймын»  5 сынып оқушылары

Жүргізуші:

Күйі бөтен демеймін ,үйі бөтен,

Жақсы адамдар бар екен,сүйіп өтем

Жамандарды іздемей өзі-ақ табар

Жақсыларды табуың қиын екен...

 Ән: «Қазақстан» Қалдыбай Жұлдызай

Ән:  «Цыган серенадасы » 8 «А » Серқұлов Сейтқұл

Жүргізуші:

Атаң болса анаңмен

Алитыннан соққан қорғаның

Ағаң болса ақылды –

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жанашыр –

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз,ақылды ұл-

Өкпе –бауыр ,жүрегің.

Ән: «Алға Қазақстан » Серқұлов Сейтқұл

Ән : « Есіңе мені алғайсын »  Серқұлова Анар

Жүргізуші:

Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты ,

Бірі оны үйден іздеп ,бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген –барлық байлық емес пе?»

Керегінше киіп, ішсең «Бақыттысың» демес пе?

Бірі айтады : «Жоқ бақыт деген –қолың жетпес мансап қой»

Жұрттан гөрі жүрсең ерек ,соның өзі жақсы ат қой.

Бірі айтады: «Бақыт  деген –жүйрік мініп той тлойлау»

Ісің болмай күйбіңменен ,қарын тойса , карта ойнау.

Бірі айтады : «Бақыт деген- адал жар мен перзент қой.»

Пікірлердің таласына мен осылай жолықтым,

Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да ,байлықтан да жардан да.

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда

Үміт үзбей іздейді олар ,таңдап сол бір уақытты ,

Оны алыстан іздемелік ,жүректен тап бақытты !- деп ақын ағамыз айтқандай бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз , мейірімділігіміз арта берсін ! Аялы алақанымызды , қол ұшымызды  созып ,қайырымдылық   жасап , көмек  қолын  созып, күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып ,өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы .

Қадірменді қонақтар !Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе ,сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп ,тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық -  адамгершілік белгісі» атты кешіміз осымен аяқталды.Келесі кездескенше хош сау болыңыздар !

       Ән: Хор « Көк тудың желбірегені »   

 

 



Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
12 декабря 2018 19:11

faiz hariry cendana

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
17 декабря 2018 04:48

CherylChips

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Между нами говоря, советую Вам попробовать поискать в google.com

заработок на телефоне без вложений