» » Мектеп әкімшілік мүшелері

 
 
 

Мектеп әкімшілік мүшелері

Автор: admin от 12-11-2018, 22:59, посмотрело: 901

3 Мектеп директорының лауазымдық міндеттері
М.Спарханов
1. Жалпы ережелер

1.1 Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының нормативті заңы мен мектеп жарғысының негізінде өңделген.
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқару органдардың келісімімен _______________қалалық (аудандық) білім басқармасы мектеп директорын қызметке тағайындайды және босатады.
Мектеп директоры демалыста болғанда немесе қызметке жарамсыз жағдайда оның міндеттері мекеменің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларына жүктеледі.
Міндеттер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және мекеме жарғысына сәйкес жүзеге асады.
1.3 Директор лауазымына жоғары педагогикалық білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.
1.4 Мектеп директорына оның тікелей орынбасарлары бағынады.
1.5 Мектеп директорының қызметі нормативті және заңды актілер, барлық деңгейдегі білім басқармасының шешімдері, Мекеме жарғысына сәйкес іске асады. Мектеп директоры "Бала құқығы туралы Конвенциясында” анықталған нормаларды сақтайды.
1.6 Мектеп директоры нормаланбаған күн тәртібінде, 40-сағаттық жұмыс аптасының негізінде жұмыс істейді.
2. Фунционалдық міндеттер.
Мектеп директорларының басты қызметінің бағыттары болып табылады:
2.1 Мектеп жұмысының (оқу-тәрбиелік) білімдік үйлестігін бақылау.
2.2 Мектепте қауіпсіздік техникасы ережелерін және санитарлық нормаларды сақтауды ұйымдастыру.
2.3 Өзінің мүмкіншілігінде кез келген мектеп қызметкеріне және оқушыға нұсқау беру, кез келген басқа мектеп қызметкерінің жұмысын өзгерту.
3. Лауазымдык міндеттері
ектеп директоры келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
3.1 Мекеме жарғысына сәйкес мектептің барлық бағыттағы қызметін жүзеге асырады.
3.2 Мектеп педагогикалық кеңесімен бірге мектептің болашақ бағдарламасын, мақсатын және даму бағытын анықтайды, оның бағдарламалық жоспары туралы шешім қабылдайды.
3.3 Мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын, қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін, Жарғыны және мектептің ішкі тәртібі ережелерін және басқа оқулық-әдістемелік құжаттарды үйлестіреді, бекітеді және бақылайды.
3.4 Жоғары тұрған органдармен келісу арқылы мектепті басқару құрылымын, штаттық кестені анықтайды.
3.5 Оқу-әдістемелік, әкімшілдік, қаражаттық және басқа мектеп қызметінің барысындағы мәселелерді шешеді.
3.6 Педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды.
3.7 Жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады.
3.8 Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, кәсіби деңгейлерін жоғарылатуға жағдай жасайды.
3.9 Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы мөлшерлеріне үстемелер және қосымша төлеулерді анықтайды.
3.10 Оқушылардың сабақ кестесін, жұмыс графиктерін және мектеп
қызметкерлерінің педагогикалық жүктемесін, тарификациялы тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді.
3.11 Қызметкерлердің шығармашылық ынтасын көтереді және ынталандырады, ұжымда қолайлы адамгершілік-психологиялық ахуалды сақтайды.
3.12 "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемесінің типтік
ережесіне” сәйкес оқушылар контингентін қалыптастырады. Әлеуметтік
қорғану және оқушы құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
3.13 Мектепті мемлекеттік тіркеу, білім қызметін лицензиялау, мемлекеттік
іскерлік сараптау және мектеп аккредитациясын жүзеге асырады.
3.14 Мектеп қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және қорғау мақсатында қоғамдық қоректену ұйымдары бөлімшелерінің және дәрігерлік қызмет жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
3.15 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, қоғаммен және ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) нәтижелі әрекеттестік және іскер ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.
3.16 Білім алу процесін, қосымша әдістемелік дамуын үйлестіреді. Әдістемелік біріктірулердің, мұғалімдік (педагогикалық) ұйымдардың шығармашылық қызметіне көмектеседі.
3.17 Мектеп Педагогикалық кеңесі қызметіне басшылық етеді.
3.18 Қоғам (балалар және жастар) ұйымдарының (біріктірулердің) қызметтерін үйлестіреді.
3.19 Ұжымдық келісім-шарт орындалуын қамтамасыз етеді.
3.20 Бюджет, сонымен қатар басқа көздерден түскен қаражаттардың дұрыс
жұмсалуын қамтамасыз етеді. Жыл сайын түскен және жұмсалған
қаражаттар туралы жылдық есеп даярлайды.
3.21 Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және басқа органдарда, ұйымдарда,
мекемелерде мектептің атынан жауап бере алады.
3.22 Оқу-материалдық базаны толықтыруға, сақтауға және мұрағаттық
құжаттардың сақталуына, іс жүргізу жұмыстарын, бухгалтерлік есептерді, статистикалық есептілікті басқаруды қадағалауға міндетті.
3.23 Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жәрдемақыларын тағайындау
жөніндегі жұмысты белгіленген ретте ұйымдастырады.
3.24 Білім процесі еңбек заңына, сала аралық және ведомстволық нормативті құжаттарға, актілер және мектеп жарғысына сәйкес іске асырылады.
3.25 Инженерлі-техникалық коммуникацияларды жүргізу қауіпсіздігін, олардың еңбек заңына, стандартқа, ережелерге, нормаларға сәйкестігін қадағалайды; білім алатын мекеме ғимараттарының жөнделуін дер кезінде ұйымдастырады.
3.26 Еңбек қауіпсіздігін оқу бөлмелерінде, шеберханаларда, спортзалдарда және т.б. қосымша бөлмелерде қадағалайтын жауапты тұлғаларды тағайындайды.
3.27 Педагогикалық ұжымның лауазымды міндетпен өмір қауіпсіздігін
қамтамасыз етуін бекітеді.
3.28 Жарты жыл сайын қызметкерлердің алдында мектептің күй-жағдайы,
оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын жақсарту шаралары, білім
процесін жақсарту, кемшіліктерді жою туралы есеп береді.
3.29 Қызметкерлер және оқушыларды диспансерлеудің дер кезінде өткізілуін бақылайды.
3.30 Жаңа оқу жылына мектепке қабылдайтын комиссиялардың жұмысын
анықталған ретте ұйымдастырады.
3.31 Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулық және нормативті құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді, басқару органдарының мемлекеттік қадағалаудың, еңбек техникалық тексерулерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3.32 Кез келген жазатайым жағдайлар туралы жоғары тұрған білім басқару
органына, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дер
кезінде хабарлайды. Жазатайым жағдайды туғызған себептердің
жойылуына және объективті тексеріс өткізілуін қамтамасыз етеді.
3.33 Жұмыс істеушілердің және оқушылардың ішкі тәртіп ережелері мен
функционалдық міндеттері кәсіподақ комитетімен келісіліп бекітеді.
3.34 Кәсіподақ комитетімен және ата-аналар қоғамымен бірге асханада және буфетте тамақтануды жетілдіру, өнімдердің ассортиментін, азық-түліктің сапалы даярлау шарттарын жасайды.
3.35 Дәрігерлік қызметкерлермен бірге мектепте дәрігерлік қызметтердің
сапасын көтеруді шешеді.
3.36 Жұмыс істеуші және оқушының дұрыс демалуы мен жұмыс істеу тәртібін бақылайды.
3.37 Оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына зиян шарт кезінде оқу процесін тоқтата алады.
3.38 Есепті өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқару органдарға дер кезінде береді.
4. Құқығы
Мектеп директорының өзіндік құқығы бар:
4.1 Мектеп қызметкерлеріне білім үрдісі негізінде бұйрық беру.
4.2 Мектеп қызметкерлерін тәртіптік және басқа жауаптылыққа тарту.
4.3 Оқу-тәрбиелік үрдіске кедергі келтірген, мектеп жарғысына және ішкі тәртіпке теріс қылықтары үшін мектеп оқушыларын жауапкершілікке тарту.
4.4 Келесім-шарттарға, еңбек шартына және т.б. отыру.
4.5 Нормативті заңға сәйкес және ұйымдық-әдістемелік сипаттағы мемлекеттік және атқару органнан нұсқаулық хабарлар алу.
4.6 Оқушылармен өтілетін сабақтарға қатысу, бірақ қажеттіліксіз сабақ басталғаннан кейін сыныпқа кіру, оқушылардың қатысуында мұғалімге ескертпе айтуға болмайды.
4.7 Қажетті жағдайда ғана сабақ кестесіне өзгертулер енгізу, сабақты болдырмау, бірігіп өткізілетін кездерде ғана топтар мен сыныптарды біріктіру.
4.8 Өз өкілеттіктерімен делегат жіберу, сенім хаттар беру.

5. Жауапкершілігі
Мектеп директоры:
5.1 Мектеп қызметкерлерінің мамандық деңгейін; білім бағдарламаларының жоспар бойынша орындауын және оқу процесі графигімен сәйкестігін іске асыру; бітірушілердің білім сапасына; өмір және денсаулығына; білім үрдісі кезінде оқушы және мекеме қызметкерлерінің құқығы мен бас бостандығы заңды түрде сақталуына жауапты.
5.2 Жарғыны және мектептің ішкі тәртібін, нормативті актіні, білім басқармасының бұйрығын және тағы басқа қызметтік міндеттерді орындамауда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.3 Өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін, еңбек қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтамағанда мектеп директоры Қазақстан Республикасының әкімшілік заңына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
5.4 Өз лауазымдық міндетін орындауда мектепке немесе білім үрдісіне зиян келтірсе, Қазақстан Республикасының Еңбек және Азаматтық кодексіне сәйкес материалды жауапкершілікке тартылады.
Өзара қатынас
5.5 Мектеп директоры бірлесіп әрекет етеді:
- Мектеп Педагогикалық кеңесімен;
- Мектеп Қамқорлық кеңесімен;
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен.
Нұсқаулықпен таныстым: ________________ _____________________________ (қолы) (аты-жөні )
"____” ____________2018ж


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқауы Д.Талипов
1. Жалпы ережелер.
1.1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен сертификаты бар, педагогикалық қызмет өтілі үш жылдан кем емес маманды мектеп директоры тағайындайды. Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп
директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
1.2. Оқу ісі жөніндегі орынбасар тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3. Оқу ісі жөніндегі орынбасарға тікелей пән мұғалімдері бағынады.
1.4. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек заңдылықтары мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыққа алады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.
2. Атқаратын қызметі:
Негізгі бағыттары:
2.1. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
2.2. Мектептің оқу-тәрбие процесінің дамуын басқару және бақылау жасау.
2.3. Оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.
3. Лауазымдық міндеттері:
3.1. Оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық жасау, оқу жоспары мен
бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
3.2. Білім мекемесінің ағымдағы және алдағы іс-әрекетін жоспарлауды ұйымдастыру.
3.3. Оқушылар дәптерлерінің, (9-11) күнделіктерінің дұрыс толтырылуын қадағалау.
3.4. Кадрларды іріктеуге, оларға жүктеме бөлуге қатысу, мұғалімдердің жүктемесін, жалақы табелін, тарификациясын жасау.
3.5. Жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасау, оқушылардың қозғалыс есебін жүргізу. НОБД-ға жауапты.
3.6. Емтихандарға дайындық жасау жане кестесін түзуге міндетті.
3.6. Азаматтық қорғаныс штабының жұмысына басшылық жасау, қауіпсіздік техникасы нормаларының қатаң сақталуына бақылау жасау.
3.7. Мектептің педагогикалық кеңесін дайындауға, өткізуге ат салысу, оның қаулысының орындалуын қадағалау.
3.8. Оқушыларды белгілі бір мамандыққа бейімдеу жұмыстарын жүргізу.
3.9. Оқушылар ата-аналарының мектеппен байланысын орнатуын қамтамасыз ету.
3.10. Сынып жетекшілерінің (9-11с)оқушылардың жеке іс-қағаздарын жүргізу жұмыстарын бақылау, оқу ісіне байланысты белгіленген есеп құжаттарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету.
3.11. Өзінің кәсіби шеберлігін, әдістемелік деңгейін арттырып, біліктілігін көтеру.
3.12 9-11 сыныптардағы журналдың дұрыс толтыруына басшылық жасау.
3.13 Қызметкерлердің еңбек табелін жазу.
3.14 Тарификация жасау.
3.15 ҰБТ мен ОЖСБ –ға жауапты.
3.16 Сабақ кестесін жасауға жауапты.
3.17 9-11 сыныптардың білім деңгейіне жауапты
3.18 Тарих, құқық, дінтану , физика, информатика,
химия,география,биология, технология сызу пәндеріне жауапты.
3.18 Зертханалар қызметін бақылап отыру.
3.18. Білу керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқығы туралы» Заңдарын және басқа білім мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, жас ерекшелік психология негіздерін, оқыту әдістемесін, мектеп гигиенасын, физиология, әлеуметтану негіздерін; қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін; әдістемелік-бағдарламалық құжаттарды; еңбек заңнамаларын, еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.

4. Құқығы:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
1.1. Мұғалімдердің кез келген сабағына қатысуға (аса қажеттілік болмаса, сабақ басталып
кеткеннен кейін кіруге және педагогқа сабақ үстінде ескерту айтуға құқығы жоқ).
4.2. Оқу процесіне кедергі келтірген оқушыларды мектеп жарғысында белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
4.3. Өзінің қарамағындағыларға орындалуға міндетті тапсырмалар беруге.
4.4. Қажетті жағдайда сабақ кестесіне өзгертулер енгізуге, сабақты тоқтатуға, бірге сабақ
өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша біріктіруге.
4.5. Мұғалімдерден керекті құжаттар мен мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
5. Жауапты:
5.1. Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім басқармаларының бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ҚР "Еңбек кодексінде” анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.
5.2. Тәрбиелеу тәсілі ретінде бір рет болса да, оқушыға психикалық зорлық, күштеу қолданса, сонымен бірге жеке тұлғаға моральға жат қылықтар көрсетсе, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңдылығына сәйкес қызметінен босатылады.
5.3. Өрт қауіпсіздігі ережесін, еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық талапы бұзғаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тартылады.
5.4. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтіруге кінәлі болса, азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар.
6.1. 40 сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
6.2. Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
6.3. Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады.
6.4. Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.
6.5. Мектеп директорының оқу процесіндегі оқу-тәрбие мәселесіне байланысты бұйрықтарын жүзеге асырады.
6.6. Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз қызмет бабы туралы пікір алмасып, ақпараттар алып отырады.
6.7. Мектеп директоры белгілі бір себептермен (еңбек демалысы, ауырған кезде) жұмыста болмаған кезде уақытша оның міндеттерін атқарады. Бұл міндетті уақытша атқару Еңбек кодексіне, мектеп Жарғысына, мектеп директорының бұйрығына сай жүзеге асады.
Таныстым ______________________


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқауы
Ж.Сатенбаева
7. Жалпы ережелер.
1.1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен сертификаты бар, педагогикалық қызмет өтілі үш жылдан кем емес маманды мектеп директоры тағайындайды. Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп
директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
1.2. Оқу ісі жөніндегі орынбасар тікелей мектеп директорына бағынады.
7.3. Оқу ісі жөніндегі орынбасарға тікелей пән мұғалімдері бағынады.
7.4. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек заңдылықтары мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыққа алады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.

8. Атқаратын қызметі:
Негізгі бағыттары:
2.1. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
2.2. Мектептің оқу-тәрбие процесінің дамуын басқару және бақылау жасау.
8.3. Оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.
9. Лауазымдық міндеттері:
3.1. Оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық жасау, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
3.2. Білім мекемесінің ағымдағы және алдағы іс-әрекетін жоспарлауды ұйымдастыру.
9.3. Оқушылар (1-4 сынып) дәптерлерінің, күнделіктерінің дұрыс толтырылуын қадағалау.
9.4. Кадрларды іріктеуге, оларға жүктеме бөлуге қатысу.
9.5. Жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасау.
9.6. Мектептің педагогикалық кеңесін дайындауға, өткізуге ат салысу, оның қаулысының орындалуын қадағалау.
9.7. Оқушылар ата-аналарының мектеппен байланысын орнатуын қамтамасыз ету.
9.8. МАДТ тәрбиеленушілері және 1 сынып оқушыларының мектепке қабылдануына басшылық жасау
9.9. МАДТ және 1-4 сынып журналдарының дұрыс дұрыс толтырылуына бақылау жасау.
9.10. МАДТ тобы және 1-4 сынып оқушыларының білім сапасын қадағалау.
9.11. МАДТ және 1-4 сыныптардың сабақ кестесін жасау.
9.12. Альфавиттік кітаптың дұрыс жүргізілуіне басшылық жасау.
9.13. Сынып жетекшілерінің (1-4 сынып) оқушылардың жеке іс-қағаздарын жүргізу жұмыстарын бақылау, оқу ісіне байланысты белгіленген есеп құжаттарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету.
9.14. Өзінің кәсіби шеберлігін әдістемелік деңгейін арттырып, біліктілігін көтеру.
9.15. Музыка, өзін-өзі тану, бейнелеу пәндерінің пәндерінің оқытылуына жауапты.

10. Құқығы:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
4.1. Мұғалімдердің кез келген сабағына қатысуға (аса қажеттілік болмаса, сабақ басталып кеткеннен кейін кіруге және педагогқа сабақ үстінде ескерту айтуға құқығы жоқ).
4.2. Оқу процесіне кедергі келтірген оқушыларды мектеп Жарғысында белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
4.3. Өзінің қарамағындағыларға орындалуға міндетті тапсырмалар беруге.
4.4. Қажетті жағдайда сабақ кестесіне өзгертулер енгізуге, сабақты тоқтатуға, бірге сабақ өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша біріктіруге.
4.5. Мұғалімдерден керекті құжаттар мен мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
11. Жауапты:
5.1. Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім басқармаларының бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ҚР "Еңбек
кодексінде” анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.
5.2. Тәрбиелеу тәсілі ретінде бір рет болса да, оқушыға психикалық зорлық, күштеу қолданса, сонымен бірге жеке тұлғаға моральға жат қылықтар көрсетсе, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңдылығына сәйкес қызметінен босатылады.
5.3. Өрт қауіпсіздігі ережесін, еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық талапы бұзғаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тартылады.
5.4. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтіруге кінәлі болса, азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.
12. Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар.
6.1. 40 сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
6.2. Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
6.3. Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады.
6.4. Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.
6.5. Мектеп директорының оқу процесіндегі оқу-тәрбие мәселесіне байланысты бұйрықтарын жүзеге асырады.
6.6. Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз қызмет бабы туралы пікір алмасып, ақпараттар алып отырады.
6.7. Мектеп директоры белгілі бір себептермен (еңбек демалысы, ауырған кезде) жұмыста болмаған кезде уақытша оның міндеттерін атқарады. Бұл міндетті уақытша атқару Еңбек кодексіне, мектеп Жарғысына, мектеп директорының бұйрығына сай жүзеге асады.
Таныстым ______________________


Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқауы
А.Байымбетова
Жалпы ережелер.
1.1. Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен сертификаты бар, мамандығы бойынша кемінде үш жыл өтілі бар маманды мектеп директоры тағайындайды.
Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
1.2. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарға тікелей әдістемелік бірлестік және шығармашылық топ жетекшілері, ғылыми жетекшілер, пән мұғалімдері бағынады.
1.4. Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек заңдылықтары мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыққа алады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.
2. Атқаратын қызметі:
Негізгі бағыттары:
2.1. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
2.2. Педагогикалық ұжымға басшылық жасау.
2.3. Педагогтар мен оқушыларды ғылыми-шығармашылық еңбекке баулу.
3. Лауазымдық міндеттері.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарына төмендегі міндеттер жүктеледі:
3.1. Мектеп жүйесіне ғылыми басшылық жасау, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
3.2. Педагогикалық ұжымның жетістіктеріне, оқушылардың білім деңгейінің өсуіне бақылау жасауды жүзеге асыру.
3.3. Бағдарлы сала бойынша жоспарланған жүктеменің ғылыми-теориялық негізде өтілуіне лайықты жұмыс жүргізу.
3.4. Мұғалімдердің жемісті еңбек етуіне жағдай жасалуын, олардың кәсіби деңгейін өсуін қамтамасыз ету, мұғалімдерді атестаттау жұмыстарын жүргізу.
3.5. Педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
3.6. Мектептің әдістемелік кеңесін дайындау және өткізу, оның қаулысының орындалуын қадағалау.
3.6. Шығармашылық топтар, педагогикалық шеберханалар, авторлық бағдарламалар мен зертханалар қызметін бағыттап отыру, дамудың жаңа сатысына лайық деңгейде жоспар жасау.
3.7. Педагогикалық ұжымның жеткен жетістіктерін саралай отырып, озат іс тәжірибелерді зерттеп, оларды таратуды ұйымдастыру. Мұғалімдерді оқытудың жаңа технологияларынан хабардар етіп отыру.
3.8. Оқушылардың пән олимпиадалары мен ғылыми конференцияларды ұйымдастыру.
3.9. Өзінің кәсіби шеберлігін, әдістемелік деңгейін үнемі жоғары көтеру,біліктілігін арттыру.
3.10 Оқушылардың қозғалысын реттеуге жауапты.
3.11 5-8 сынып оқушыларының білім деңгейіне жауапты.
3.12 Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дене шынықтыру пәндеріне жауапты
3.13. Білу керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқығы туралы» Заңдарын және басқа білім мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, жас ерекшелік психология негіздерін, оқыту әдістемесін, мектеп гигиенасын, физиология, әлеуметтану негіздерін; қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін; әдістемелік-бағдарламалық құжаттарды; еңбек заңнамаларын, еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.Құқығы:
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
4.1. Мұғалімдердің кез келген сабағына қатысуға (аса қажеттілік болмаса, сабақ басталып кеткеннен кейін кіруге және педагогқа сабақ үстінде ескерту айтуға құқығы жоқ).
4.2. Педагогикалық үрдісті талдауға және бағалауға, басқарудың әдіс-тәсілдерін пайдалануға.
4.3. Ұжымды жетістіктерге жеткізетін шешімдерді қабылдауға.
4.4. Әкімшілік шараларға қолдау көрсетуге.
4.5. Өзінің қарамағындағыларға орындалуға міндетті бұйрықтар беруге.
4.6. Мұғалімдерден керекті құжаттарды, мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
4. Жауапты:
5.1. Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім басқармаларының бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ҚР "Еңбек кодексінде” анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.
5.2. Тәрбиелеу тәсілі ретінде бір рет болса да, оқушыға психикалық зорлық, күштеу қолданса, сонымен бірге жеке тұлғаға моральға жат қылықтар көрсетсе, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңдылығына сәйкес қызметінен босатылады.
5.3. Өрт қауіпсіздігі ережесін, еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық талапы бұзғаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тартылады.
5.4. Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтіруге кінәлі болса, азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылад
5. Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар.
6.1. 40 сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
6.2. Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
6.3. Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады.
6.4. Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.
6.5. Мектеп директорының оқу процесіндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарға байланысты бұйрықтарын жүзеге асырады.
6.6. Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз қызмет бабы туралы пікір алмасып, ақпараттар алып отырады.
6.7. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілі бір себептермен (еңбек демалысы, ауырған кезде) жұмыста болмаған кезде уақытша оның міндеттерін атқарады. Бұл міндетті уақытша атқару Еңбек кодексіне, мектеп Жарғысына, мектеп директорының бұйрығына сай жүзеге асады.
Таныстым________________

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқауы
Ж. Қыдырбаев
Жалпы ереже
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне мектеп
мұғалімдеренің ішінен педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметіне психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен сертификаты бар, тәрбие саласында кемінде үш жыл стажы бар маманды мектеп директоры тағайындайды және босатады.Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар тікелей мектеп директорына бағынады.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға тікелей бағынады: сынып жетекшілері,
үйірме жетекшілері, тәлімгерлер, тәрбиешілер.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР
Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім министрлігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек заңдылықтары мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыққа алады. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.

Атқаратын қызметі
Негізгі бағыттары:
Оқушылармен мектептен, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
Тәрбие процесіне әдістемелік басшылық жасау.
Мектептен және сыныптан тыс іс-шараларда техника қауіпсіздігі мен
нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Лауазымдық міндеттері
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына төмендегі міндеттер жүктеледі:
Мектептің даму бағытын, ерекшеліктерін, педагогтардың мүмкіндігін,оқушылардың тәрбиелік деңгейін негізге ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жасап, қалыптастыру.
Сынып, үйірме жетекшілерінің, психологтың, тәлімгерлердің тәрбиелік іс-әрекетін жаңа модель тұрғысына бейімдеу, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар ұйымдастыру, бақылау жасау.
Тәрбие процесінің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау; оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын, ағымдағы және алдағы тәрбие процесін жоспарлау, тәрбие іс-шаралар кестесін жасау.
Мектептің құқық, идеологиялық, ИДН, ішкі істер бөлімдерімен бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айқындау, оқушылардың денсаулығын, мүдделері мен құқықтарын қорғау.
Оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, кәсіпорындардың, шығармашылық ұжымдардың байланысын нығайту.
Мектептің құқық, идеологиялық, ИДН, ішкі істер бөлімдерімен бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру.
Әлеуметтік қауіпті топтар оқушыларының мектепішілік есепке алынуын қадағалайды, жасы толмаған жасөспірімдермен қызмет істейтін ұйымдармен мектептің байланысын ұйымдастыру.
Гуманисттік тәрбиенің ғылыми-тұжырымдамалық негіздеріне, тәрбие процесінің технологиясына сүйене отырып, мектеп оқушыларының тәрбие бағдарламасын жасау.
Оқушылар демалысын жоспарлауды ұйымдастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның жанұясымен байланысты қамтамасыз ету.
Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысу.
Мектеп кеңесіне, педкеңеске тәрбие жұмысы туралы мәселелер қою, оны талқылау.
Тәрбие саласына жауапты мамандар туралы, тәрбие саласын дамыту жолдары, тәрбие ісінде озық үлгілер көрсеткен мұғалімдерді марапаттау, өз ісіне салғырт қарағандарға шара қолдану туралы ұсыныс жасау.
Тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс-шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету.
3, МАДТ-дан бастап 6 «Ә», «Б», 7 «Ә», 7 «Б» , 8 «А», «В» сыныптарға бақылау мен басшылық жасау
Ұлдар ұйымының жұмыса басшылық жасау
Ата-аналармен байланыс
Білу керек:
ҚР негізгі заңдылықтар актілері мен нормативті құжаттарды, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Конституциясын, "Білім туралы” Заңын, "Еңбек туралы” Заңын, БҰҰ-ның балалар құқығы туралы Конвенцияны, ұлттық мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру концепциясын, оқу-тәрбие процесінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен бақылауды, мектеп басқару деңгейімен педагогикалық қызмет бөліктерін, тәрбиедегі педагогикалық технологияны, педагогиканы, психологияны, балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерінің физиологиясын, мектеп гигиенасын, педагогикалық әдеп негіздерін, тәрбие теориясы мен әдістемесін, еңбек сақтау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын.

Құқығы
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
Өз қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын тексеруге, тәрбиелік іс-шараларға
қатысуға (іс-шара үстінде ескерту жасауға құқы жоқ), орындалуға тиісті бұйрықтар беруге.
Тәрбие жұмысынан кедергі келтірген оқушыларды мектеп Жарғысында белгіленген
жауапкершілікке тартуға.
Үйірме жұмыстарының, ұзартылған күн тобының, спорт секцияларының кестесіне қажет болған жағдайда өзгерістер енгізуге, тоқтатуға.
Қызметкерлерден жұмысқа керекті құжаттарды, мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.

Жауапты:
Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім басқармаларының бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары "Еңбек туралы” Заңда анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.Қызметтік міндеттерді өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босатылу шарасы қолданылуы мүмкін.
Тәрбиелеу тәсілі ретінде бір рет те болса да, оқушыға психикалық зорлық, күштеу қолданса, сонымен бірге жеке тұлғаға моральға жат қылықтар көрсетсе, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары еңбек заңдылығына сәйкес қызметінен босатылады.
Өрт қауіпсіздігі ережесін, еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық талапты бұзғаны үшін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа (әкімшілік заңдылықтарында көрсетілген) таратылады.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтіруге кінәлі болса, азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.


Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
40 сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды.Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады.
Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.
Мектеп директорының тәрбие ісін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты бұйрықтарын іске асырады.
Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз қызмет

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
15 ноября 2018 00:04

nazym

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
мәлімет қоры өте аз көбірек фотолар мен қызықты мағлұматтар енгізу керек

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
20 июня 2019 12:31

HermanTed

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
----

Прекрасно сказано вами

----


продажа помещения под офис

----

Крутотень какая ты посмотри

----


аренда офиса 40

----

Просить не значит получить

----


Телекарта личный кабинет

----

мне кажется здесь мало комментариев, пожалуй я отпишусь

----


Viagra overnight USA