Әлемдегі ең пайдалы азықтар
«Форбс» журналы денсаулық айдарымен жарияланатын беттерінде Джонни Боуденнің кітабынан алынған әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялады.
Пияз-сарымсақ: Асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Фасоль: Салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.
Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін %30-50 арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега-3-ке бай болып табылады. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ калориясы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Брокколи: Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.
Алма: Өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Анар: Антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.
Көк шәй: Қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Қаражидек (черника): Қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Алманың сіз күтпеген ерекше қасиеттері
Керемет дәм иесі, баршамыздың сүйікті жемісіміз алма жайлы бәрін білемін деп ойлайсыз ба? Оның ерекше қасиеттерімен таныс болыңыздар.
Алма тыныс жолдары үшін пайдалы
Ғалымдардың айтуынша, жүктілік кезінде алманы күнделікті жеген әйелдердің балалары астма сияқты тыныс жолдар ауруларына азырақ шалдығады екен. Алма сондай-ақ ересек адамдардағы тыныс жолдары ауруларының алдын алады.
Алма ағзаға баяу сіңеді
Сол себепті алманы мұқият шайнап, баяу жеген дұрыс. Бір алманы жеп тойған кездеріңіз болды ма? Бұл оның жеңіл жеміс екеніне емес, тек баяу меңгерілетініне байланысты. Алмадағы тәтті заттар қанға сіңгенде, құрамындағы инсулин мен қанттың шамасы өзгеріп, тойымдылық сезімі пайда болады. Сондықтан қарын қатты ашқан кездері алма жеп, шамалы уақыт басқа ештеңе жемей жүре тұрыңыз, біраздан кейін аштық сезімі кетеді.
Алма холестериннің шамасын азайтады
Құрамындағы екі зат пектин (клетчатка түрі) мен полифенол (мықты антиоксидант) арқасында алма қандағы холестерин шамасын азайтып, оның қышқылдануын тоқтатады. Айта кетсек, бұл мақсатта алманың өзі емес, қабығы әлдеқайда пайдалы.
Алма қатерлі ісіктен сақтайды
Зерттеулер бұл жемістің кейбір компонеттері қатерлі ісікке әкелетін жасушалардың пайда болуынан сақтайтынын дәлелдеді. Бұл үшін де алманы қабығымен бірге жеген жөн.
Алма ми жұмысын жақсартады
Алма жеу жүйке жасушалары арасында импульс өткізуші ацетилхолин атты химиялық заттың көптеп пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ алма есте сақтау қасиетін әлдеқайда жақсартып, тіпті Альцгеймер ауруынан сақтай алады екен.
Ұялы телефон балаларға екі есе зиян келтіреді
«Ұялы телефондар қаншалықты зиянды?», «Қандай нәрселерге аса мән беру керек?», «Қандай шаралар қолдану керек?», «Болашақта бізді қандай қауіп-қатер күтіп тұр?» деген өзекті сұрақтарға профессор Осман Мүфтиұлы анықтама жасады.
Ұялы телефондардың денсаулыққа өте зиянды екенін және оның ғылыми тұрғыдан да дәлелденгенін білдірген профессор Осман Муфтиұлы айрықша балаларға екі есе көп зиян келтіретінін атап өтті.
Профессор сөзін былай жалғастырды:
«Менің көзқарасым бойынша, ұялы телефондарға жақын арада темекі сияқты тыйым салынады. Ұялы телефондарды қолдану осылай жалғаса берсе, оған тыйым салыну мүмкін. Ұялы телефондардың миға тарататын энергиясы дене рагының кездесу жиілігін арттыруы мүмкін. Мұның зияндары бірден білінбеуі мүмкін, темекі сияқты кейін ортаға шығады.
Ұялы телефон өндірушілері аз радиация тарататын телефон өндіруі керек және ұялы телефондарның сыртына темекі сияқты "денсаулыққа зиян” деген ескертулер жасауы керек. Ал құлаққап қолдану ұялы телефонның денсаулыққа тигізетін зиянын екі есе азайтады. Мүмкіндік болғанша, ұялы телефонмен сөйлескенде құлаққап қолданған жөн.
Компьютердің зиянынан қалай қорғану керек
Компьютер тұрған бөлменің ауасын жиі тазалап тұру керек. Сонымен қатар күн сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілу керек. Монитормен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 70 см болуы қажет. Ересек адамдар үшін әр екі сағат сайын, ал балалар үшін әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс міндетті түрде қажет. Оқуға тиісті болған құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы бар. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз.
Кешке жақын ерте ұйықтау
Асан түні бойы отырып теледидар көруді әдетке айналдырды. Анасы: "Ұлым, түннің бір уақыты болды. Ертең азанда сабаққа баруың керек. Қане, тез жат, төсегіңе!”,- деп қанша рет айтса да, анасының айтқан сөздеріне құлақ аспай, әр түрлі сылтаулар айтып, түннің бір уақытына дейін теледидар көреді. Алайда азанда ұйқысы қанбай, мазасызданып зорға тұратын болды. Сонымен қатар сабақ үстінде мұғалімнің айтқан сөздерін тыңдамайтын, үй жұмысын да орындамайтын болды және сабақ үлгерімі де нашарлап кетті. Асанның ата-анасы оның бұл халіне қатты ренжіді. Анасы оған: "Егер ерте жатып, ұйықтасаң ғой, бұндай әлсіз болмас едің және сабағың да нашар болмайтын еді”,- деді. Сонда Асан анасының айтқан сөздеріне құлақ аспағаны үшін қатты өкінді. Бұдан былай күнде кешке теледидар көрмей, ерте жататын болды. Осылайша азанда ұйқысы қанып, сабағына да жақсы қатысып, озатты оқушылардың бірі болды.
Теледидар балаларда қатерлі ісік қаупін арттыруда
Мамандардың айтуынша теледидарды көп көретін балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлер: қатерлік ісік ауруы, аутизм (сыртқы ортадан оқшаулану) және ерте ер жетілу болып табылады. Америкалық Педиатр Академигі «Теледидар және Балалар» атты зерттеулерінің нәтижелері бойынша, 2 жастан төмен балаларға теледидар көруге болмайды. Мамандар теледидардың балаларға тигізетін зиянды әсерлерін былай түсіндірді:
Аз қимылдауларының салдарынан семіздікке жол ашады, гармондық теңсіздіктер тудырады. Теледидардан таралған жарықтық ең маңызды гормондардан бірі болып саналатын мелатонинді азайтады. Иммунитет жүйесін әлсіретіп, әр түрлі ауруларға жол ашады. Мелатониннің жетіспеушілігінен ДНҚ да өзгерістер пайда болып, қатерлі ісік ауруына себеп болуы мүмкін. Балалардың ерте ер жетілуінің ең үлкен себебі болып табылады. Ұйқысыздыққа жол ашады. Сыртқы қоғамдық қатынастардан оқшауландырғаны үшін жас өспірімдерді аутизмге шалдықтыруы мүмкін. Денедегі майдың мөлшерін арттырады. Экраннан шыққан сәулелердің әсерінен лептин және грелин атты гормондарда теңсіздіктер пайда болып, артық мөлшерде майдың жиналуына себеп болады.
Ұйқы тынық болу үшін
» Кешкі ас ауыр болмауы керек.
» Таңертең ерте және бір уақытта тұру керек.
» Ұйқы кеткенде тұрып, келгенде жату керек.
» Салқын, қараңғы және тыныш жерде ұйықтау керек.
» Күннің жоспарларын төсекте ойламау керек.
» Бегілі уақытта емес, қажет болған уақытта жату керек.
» Спортпен шұғылдану маңызды, бірақ жатар алдын болмауы керек.
» Жатудан бұрын дене және ақыл белсенділігін азайту керек.
» Ұйқы шақыратын дәріні өте қажет болмайынша қолданбау керек.
» Спиртті ішімдік, ұйқы үшін шара емес, ешқашан қолданбау керек.
Терлеп тұрып су ішпеу керек
Айша ұйқысынан бір түрлі мазасызданып тұрды. Оның бұл халін сезген анасы маңдайынан ұстап, қызуын тексеріп еді, денесінің қызып тұрғанын көріп, оны дереу дәрігерге алып бармақшы болды. Айша дәрігерден қатты қорықса да баруына тура келді. Себебі: "Егер мектепке бармасам достарымды, ұстаздарымды қалай көретін боламын?” деген үреймен тез жазылып, мектебіне оралғысы келді. Дәрігер ағай Айшаны тексеріп жатқанда, дәрігерден қатты қорқудың аса қажеті жоқ екенін түсінді.
Өйткені, дәрігер ағай оның температурасын ғана өлшеп, тамағын тексеріп, жүрек қағысын тыңдап көрген болатын. Негізінде Айша ауруының себебін өзі де білетін. Анасы мен ұстазы: "Терлеп тұрып су ішуге болмайды. Әйтпесе ауырып қаласың” деп үнемі айтса да, кеше мектепте әбден ойнап жүгіріп, терлеп тұрып мұздай су ішкен болатын. Енді міне ауырып отыр. Өзі де айтқанды тыңдамағанына қатты өкінді. Бұл ауру – оған бір сабақ болды. Дегенмен дәрігердің жазып берген дәрілерін ішіп, жақсылап тынығып, бірнеше күннен кейін оқуына оралды. Айша толық жазылып, достарына және ұстаздарына қауышқанына өте қатты қуанды.
Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек
Қияр
Қиярда күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолик қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш...
» Бас ауруынан құтылу үшін, бір неше тілім желінеді.
» Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр, кофеден, шәйдан немесе сусыннан жақсырақ.
» Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.
» Ауыздағы жаман иісті кетіру үшін, бір тілімі тіл және таңдайдың арасына 30 секундқа қойылады.
» Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.
» Шұңғылша(раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.
» Құрт-құмырсқа үшін: бірнеше тілімді алюминді табаққа неме
Категория: Оқушыларға